Жаңалықтар
Ақмола облысында алтын өндіретін компанияның мыңнан астам қызметкері жұмыстан шығарылған
- NAQ.KZ
- 2 сәуір, 2023
- 35

Ақмола облысында алтын өндіретін компанияның мыңнан астам қызметкері жұмыстан шығарылған
Кен орны өз жұмысын 2021 жылдың шілдесінде тоқтатқан. Ол кезде өңделген өнім сақтайтын қойма жоқ, шахтаның ішін су алды деп сылтауратты дейді жұмысшылар. Компания тұрғындарды алтынды ашық әдіспен өндіруге көндіргісі келген. Алайда жарылыс салдарынан тұрғын үйлер қирайды деп халық келіспегенін айтады. Сөйтіп кен орны 29 наурызда мыңнан астам адамға бір айдың ішінде толығымен қысқартылатынымыз туралы хабарлама жіберіп, Бестөбе кентіндегі жұмысымыздың аяқталатынын жеткізді дейді.
“Біздер "Қазақалтынмен" жұмыс істегенде бәрі жақсы болды. Айғай да, шу да болған жоқ. Алтыналмас келгелі басталды. 2 жыл жұмыссыз отырдық. Ақшасын төледі бізге. Енді келіп әрбір адамды қысқартуға жіберіп отыр. Сол себепті айқай-шу болып жатырмыз”, – дейді Бестөбе кен орнының жұмысшысы Майдан Ахметов.
Кеншілер наразылықтарын айту үшін облыс әкімінің келуін талап еткен. Алайда кеше олармен Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов пен облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, "Қазақалтынтың" бас директоры Рустем Қаракесов және астаналық инвестор кездесті. Жұмысшы халық биліктегілерге бірнеше талаптарын айтты.
“Жұмыс орнының сақталуын талап етеміз. Екіншісі, шахтадан судың сыртқа шығарылуын талап етеміз. Жаңа инвесторға рудник өткенге дейін орташа жалақы беріп тұруын талап етеміз. Бестөбе кентіне аудит жүргізу үшін потенциалды инвесторларды жіберу керек”, – дейді Бестөбе кен орнының кеншісі Ербол Шаимов. Ал "Алтын алмас" компаниясына қарасты "Қазақалтын" серіктестігінің бас директоры жұмысшыларды қысқарту жөнінде қаңтар айында ескерткенбіз дейді. Әрі жұмыссыз қалған кеншілерді компанияның өзге де кен орындарына жұмысқа шақырды. “30 қаңтарда жұмысшыларды қысқартатынымыз жайында алдын ала хат жіберілді. Сіздердің кәсіподақ өкілдеріңіз екі ай бұрын бұл хатты алды. Аталған хатқа қатысты барлық ескертулер 5 күн ішінде жіберілуі керек еді. 5 күннің ішінде сіздердің тараптан ешқандай хат, жауап келмеді”, – дейді "Қазақалтын" ЖШС Бас директоры Рүстем Қаракесов. Дегенмен, бір тоқтамға келе алмаған кеншілер премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың келуін талап етті. Жұмысшылармен кездесіп, мәселенің нүктесін қоюға индустрия және инфрақұрылым вице-министрі Иран Шахран келген. Ведомство өкілі кен өндіру компаниясымен келісімге келіп, жұмыстан қысқарту мерзімін маусымға дейін шегерді. Осы уақыт аралығында жол картасы дайындалып, кен орны жаңа инвесторға немесе үкіметке өтетін айтты. https://stan.kz/akmola-oblisinda-altin-ondiretin-kompaniyanin-minnan-as-380002/

Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024