Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қарасай ауданында жыл басынан бері төрт мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген - БАҚ

Қарасай ауданында жыл басынан бері төрт мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген - БАҚ
ашық дереккөз
Қарасай ауданында жыл басынан бері төрт мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген - БАҚ
  Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болған. 16 жастағы оқушы үйіне келіп, екі сағаттан кейін асылып қалған күйі табылғаны айтылады. “Аталған факт ҚР ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ЕРДТ-да тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп мәлімдеген Алматы облыстық полиция департаменті.

Басылымның жазуынша, бұл ауданда жыл басынан бері оқушылардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы төртінші рет тіркеліп отыр. Бұл қайғылы оқиғалардың арасындағы байланыс әзірге белгісіз. Пятый регион редакциясы 2023 жылдың қаңтары мен наурыз айының соңына дейін 18 жасқа толмаған балалардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері туралы ақпарат беруді сұрап, Алматы облыстық полиция департаментіне сұрау жолдаған. Алайда әзірге жауап келмеген.https://stan.kz/karasay-audaninda-zhil-basinan-beri-tort-mektep-okushis-380000/

Ұқсас жаңалықтар