Жаңалықтар
Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалау тесті 3 сәуірден басталады: Оған кімдер және қалай қатыса алады?
- NAQ.KZ
- 4 сәуір, 2023
- 40

Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалау тесті 3 сәуірден басталады: Оған кімдер және қалай қатыса алады?
Осы аптада мұғалімдердің білімін бағалау тестіне өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Ал білім сынағы 3 және 22 сәуір аралығында өтеді. Оған кімдер қатыса алады және қалай өтініш береді?

- Ең алдымен электронды поштаны жазып, сайтқа тіркелу қажет.
- Электронды поштаңызға растау туралы хат келеді. Хатта пайдаланушы аты мен құпиясөз де көрсетіледі.
- "Электронды мекенжайды растау" батырмасын басып, жаңадан ашылған бетте хаттағы пошта мен құпиясөзді енгізіп, кіру батырмасын басасыз.
- ЖСН нөміріңізді, байланыс телефоныңызды енгізіп, сақтау батырмасын басасыз.
- ЖСН жоқ адамдар "ҚР ЖСН жоқ" дегенді таңдап, аты-жөнін жазып, ұлты, азаматтығы, жынысы, туған күні, құжат нөмірі, байланыс телефоны туралы ақпаратты толтырады.
- Мәліметтерді сақтағаннан кейін "Менің парақшам" беті ашылады. Бұл жерде мәліметтерді өзгертуге, өтініш беруге, электронды поштаны ауыстыруға, құпиясөзді өзгертуге болады.
- app.testcenter.kz сайтына тіркелгеннен кейін парақшадағы "Өтініш беру" батырмасын басып, "педагогтердің білімін бағалау" тестілеуін таңдау керек.
- Содан кейін тестілеуге қатысатын санаттар шығады. Өзіңізге сай қызмет түрін таңдап, жұмыс орнын белгілеп, оқу орны, диплом, біліктілік санаты секілді қажет жеке мәліметтерді енгізу қажет.
- Тестілеу параметрлерінде облыс, тест тапсыру уақыты мен орны, тілі, тестілеу блогы сұралады. Тест тапсыру уақытында бос орындар көрсетіледі.
- Барлық мәліметті енгізгеннен кейін өтініш беруші "келісемін" деген белгі қойып, ережелермен келісетінін растауы қажет. Содан кейін "өтініш беру" батырмасын басады.
- Тестілеу уақыты мен орнын өзгертуге болады. Ол үшін жеке кабинеттегі "Менің іс-әрекетім" бөліміне кіріп, өтінішіңіздегі мәліметтерді өзгерте аласыз. Не болмаса өтінішті жойып, қайтадан өтініш бере аласыз.
- Алайда өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін тестілеуді тапсыру орны мен уақытын, тестілеу тілі мен пәндерін өзгерту мүмкін емес.
- "Пәндік білім" бойынша – 30 тапсырма;
- "Оқыту әдістемесі" бойынша – 20 тапсырма.
- бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар;
- бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.
- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер);
- iPad (Ipad), iPod (iPod), iPhone (iPhone), смартфон, смарт сағат;
- ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);
- радиоэлектрондық байланыстың кез келген түрі (Wi-Fi);
- Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G;
- құлаққаптар (сымды және сымсыз);
- шпаргалкалар және оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- калькуляторлар және түзету сұйықтықтары.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024