Кремль Финляндияның НАТО ға кіруін Ресейдің қауіпсіздігіне қол сұғу деп атады
Кремль Финляндияның НАТО ға кіруін Ресейдің қауіпсіздігіне қол сұғу деп атады
Жаңа елдердің альянсқа кіруі арқылы НАТО-ны кеңейтуі Ресейдің қауіпсіздігіне қол сұғушылық болып табылады. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады. Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады. Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті. Айта кетейік, НАТО 1949 жылдың 4 сәуірінде құрылған. Ұйымға 31 ел ресми мүше. https://stan.kz/kreml-finlyandiyanin-nato-ga-kiruin-reseydin-kauipsizdi-380164/