«Менің концерттерім бар. Барлық елде өз жанкүйерлеріммен кездесіп жүрмін. Барлығын оқумен қалай үйлестіремін деп ойладым. Көбі мені Лос-Анджелесте оқу үшін жүр деп естідім. Шындығында, мұнда жұмыстармен жүрмін. Мысалы, Бейжіңде 4 жарым жыл тұрып, көптеген композиторлармен жұмыс істедім. Енді АҚШ-та тұрамын, бірақ еш жерде оқымаймын», – деді әнші.

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясынан бас тартты

2022 жылдың желтоқсан айының соңында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Алайда өнер иесінің одан бас тартқаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Рашит Ілиясов айтты деп хабарлады turkystan.kz. Димаш Құдайберген New York Film Academy-де «режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек еді. Бірақ қазақстандық журналиске берген сұхбатында ол Лос-Анджелесте оқуда емес, әйгілі «Титаникке» арналған музыканың авторы, продюсер Уолтер Афанасьефпен ән жазу үшін жүргенін айтқан.
https://turkystan.kz/article/218990-dimash-kudaybergen-bolashak-stipendiyasynan-bas-tartty/
Келесі мақала
Ұшақ билеті арзандай ма - вице-министр жауап берді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024