
Астаналық азаматтан 2 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Ақмола облысы Бурабай ауданының полиция басқармасына Астана қаласының тумасы бопсалау фактісімен жүгінді деп хабарлады turkystan.kz ІІМ-не сілтеме жасап. Өтініш берушінің айғақтары бойынша, елорда тұрғыны оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату қаупімен 2 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалаған.
Ақмола облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Бурабай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің ақшалай қаражатты беру кезінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтады.
Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.
ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
https://turkystan.kz/article/219039-astanalyk-azamattan-2-mln-tenge-bopsalagan-kudikti-ustaldy/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024