
"Дипломмен ауылға" бағдарлама.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды.
Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.
Өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).




Іске асыру кезеңінен бері 38 000 қазақстандық ауылдағы мансап бойынша таңдау жасады.
"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін банк қосымша хабарлайды.
Толық ақпарат
www.hcsbк.кz сайтта.

Келесі мақала
ШЕЖІРЕЛІ АҚСАҚАЛ СЕКСЕН ЖАСТА
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024