
Облыс әкімі Байзақтағы екі ауылдың тұрғындарымен кездесті




- Байқап отырғанымыздай, округте шешімін күткен мәселелер аз емес. Алайда барлық жұмыстар бюджеттің мүмкіншілігіне сәйкес, арнайы жоспар бойынша рет-ретімен атқарылады. Көп мәселе ауыл әкімінің үйлестіру әрі ұйымдастыруы қабілетіне қарай шешіледі. Ол ауылдықтарды жұмылдыра білуі тиіс. Сіздер де өз кезегінде ауыл, аудан әкімшілігіне сенім артып, ортақ жауапкершілікті сезіне білгендеріңіз маңызды,-деді Нұржан Нұржігітов.Қостөбе ауылдық округінде өткен кездесуде де ауылдықтар Талас ауылында мәдениет үйі, спорт кешенін салу, ауыз су тарту, жол белгілерін орнату секілді өтініштерін жеткізді. Аталған округ «Ауыл аманаты» жобасының алғашқы кезеңіне еніп, тұрғындар жеңілдетілген несиеге қол жеткізген болатын. Жобаның бес бағыты бойынша әрекет етіп жатқан қостөбеліктер тұрмыстарын тіктеуде. Сонымен қатар, округте әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу жұмыстары қолға алынған. Кездесулерден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Айта кетейік, өткен жылы облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен 1200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жыл басынан бері осындай 400-ден астам басқосу ұйымдастырылған.
Жамбыл облысының әкімдігі
Келесі мақала
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімін қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024