Жаңалықтар

200-ге жуық баланың денсаулық жайы тексерілді

200-ге жуық баланың денсаулық жайы тексерілді

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні Жамбыл аудандық емханасында облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мамандары: хирург, травматолог, нейрохирург, реабилитолог, невропотолог, пульмонолог, кардиолог сынды балалар дәрігерлері арнайы қабылдау жүргізді. Облыстан келген білікті дәрігерлерді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сейдыахмет Чинибеков қарсы алып, тұрғындарға бүгінгі күннің мақсатын айтып өтті. Аудан тұрғындарының ем-дом, ақыл-кеңес алушылар қатары қалың болды. Жалпы қабылдауға 200-ге жуық балаларды ата-аналары алып келді. – Бүгінгі күн ерекше болды. Білікті дәрігерлерге балаларымызды көрсеттік. Осындай іс-шараға ұйытұы болған азаматтарға алғыс айтамын, – дейді аудан тұрғыны Гүлсім Саурықова. Жамбыл ауданы