Ауыл тұрғындарымен ауыл мәселесі талқыланды
Ауыл тұрғындарымен ауыл мәселесі талқыланды
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов Байқадам, Жаңаталап, Жайылма, Игілік ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. 🔷Кездесуге қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл қариялары, депутаттар қатысып, әр ауылдағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты сауалдарын жолдады. 🔷Қайрат Тілеубайұлы ауылдарға ағын суды жеткізу, оны үнемді, тиімді пайдалану, су қоймаларындағы суды дұрыс бағытта пайдаланып, су тапшылығын болдырмау жолдарын айтып өтті. 🔷Сонымен бірге, әр ауылдың ақсақалдарымен алдағы уақытта да кездесіп, ауылдағы мәселерді бірге шешу жолдарын қарастырып, кездесуге келмеген тұрғындарға атқарылатын жұмыстарды түсіндіру керектігін және бірге тиімді шешімдер шығару керектігін жеткізді. ✅Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі