
Бүгін – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні.
1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген палуан бабамыз әлемнің 54 мемлекетінде өнер көрсетіп, 48 медаль жеңіп алған. Ол әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ.
Қиындықтар мен кедергілерге қарамастан дүниежүзін мойындатып, әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған Қажымұқан Мұңайтпасұлының өнегелі өмірі жастарға үлгі. Бүгінде бозкілемде белдесіп жүрген спортшыларымыз даңқты бабамыздың жеңісті жолын жалғап, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр.
Палуанның құрметіне жыл сайын елімізде халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді. Батырдың есімі бірнеше қалада көшелер мен спорт нысандарына берілген. Ал, Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының музейі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024