
Көкшетауда жоғалған жасөспірім Астанадан табылды

Көкшетауда жоғалған жасөспірім Астанада жүрген жерінен табылды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 16 жастағы Лейла Тойбазар биылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Оны іздеуге Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды.
Нәтижесінде Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Астана қаласы, Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.
«Биылғы жылдың 7 сәуірінде жоғалған қызды елордалық тәртіп сақшылары Астана қаласындағы мекемелердің бірінде байқап, ақмолалық әріптестеріне хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді ведомстводан.
https://turkystan.kz/article/219309-kokshetauda-zhogalgan-zhasospirim-astanadan-tabyldy/
Келесі мақала
Ақордада Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024