Жаңалықтар
Семейдегі интернатта қайтыс болған балаға қатысты тергеу басталды
- NAQ.KZ
- 12 сәуір, 2023
- 37

Семейдегі интернатта қайтыс болған балаға қатысты тергеу басталды

Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды деп хабарлады turkystan.kz. 7 сәуір күні мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала жан тапсырған.
Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024