
Малавилік боксшы Фируза Шарипованы қорқытты (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова өзінің кәсіби мансабындағы келесі қарсыласының видеосымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Спортшы Instagram парақшасында малавилік боксшы Рут Чиселдің камераға айқайлап, қазақстандық боксшыға қоқан-лоққы жасаған видеосын жариялады. «Менің қарсыласым Рут Чисейл маған бейнехабарлама жіберді. «Шарипова! Жақында мен саған жекпе-жекке келемін, белбеу менікі! Сәттілік». Қорқытып жатыр» деп жазды Фируза видео астына. Шарипова мен Чисейл арасындағы жекпе-жек 20 мамырда Таразда өтеді. Жекпе-жекте WBC Silver титулы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Чисейлмен жекпе-жекке дейін қазақстандық спортшы 29 сәуірде MMA ережелері бойынша ресейлік Елена Бондаренкомен кездеседі.
https://turkystan.kz/article/219618-malavilik-boksshy-firuza-sharipovany-korkytty-video/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024