Жаңалықтар
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАЗДЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ.
- NAQ.KZ
- 17 мамыр, 2023
- 37

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАЗДЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ.
«Жомарт түлек» жобасы аясында оқушылар игілігі үшін, 1987-1988 оқу жылының түлегі болған Турымбаев Талғат Ералыұлы үлкен азаматтық іс жасап, 22 млн. қаржыға жаздық спорт алаңын тарту етті.
Ашылу салтанатына мәслихат төрағасы Бүрлібаев Зиядхан Рымбекұлы, ардагерлер төрағасы Жұмашев Сейітхан Шералханұлы, билер кеңесінің төрағасы Рахметов Мұратқали, «Әкелер» кеңесінің төрағасы Ералиев Әбуғали Әбделіұлы, Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі Төреқұлов Керімхан Әуесбекұлы, мектеп директоры Бейсенов Мұхамеджан Пернеқұлұлы қатысып, жомарт түлекке алғыс білдіріп, құттықтау сөздерін арнады.Салтанатты ашылу барысында құрметті азаматтар лента кесіп, мектеп ұстаздары шашу шашты. Ән ұран орындалып, өнерлі оқушылардың өнерлері тамашаланды. Ресми ашылу салтанатынан соң, денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2009-2010 жылдар аралығында туылған ұлдар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024