МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАЗДЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАЗДЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ.
«Жомарт түлек» жобасы аясында оқушылар игілігі үшін, 1987-1988 оқу жылының түлегі болған Турымбаев Талғат Ералыұлы үлкен азаматтық іс жасап, 22 млн. қаржыға жаздық спорт алаңын тарту етті.
Салтанатты ашылу барысында құрметті азаматтар лента кесіп, мектеп ұстаздары шашу шашты. Ән ұран орындалып, өнерлі оқушылардың өнерлері тамашаланды. Ресми ашылу салтанатынан соң, денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2009-2010 жылдар аралығында туылған ұлдар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.