
АУДАН ЭКОНОМИКАСЫ ІЛГЕРІ
Ауданымызда көптеген жұмыстар алға басып, экономикамыз өрлеп, өңіріміз өркендеп келе жатқаны барлығымыздың көз алдымызда.
Аудан паспорты.
Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Сарысу ауданы 2 бағытта, бірі – ауыл шаруашылығы, екіншісі - өнеркәсіп салалары бойынша қарқынды дамып келе жатқан киелі өңір.
Әкімшілік-аймақтық бөлінісіне сәйкес 1 қала, 9 ауылдық округ болып қалыптасқан. Барлығы 25 елдімекен.
Халық саны - 44 228 адам. Ауданның ұлттық құрамының 93,3 пайызын немесе 41,4 мың қазақтар құрайды. Орыстар - 2,0 мың, күрдтер - 0,5 мың, басқалар - 0,5 мың.
Ауданда саяси ахуал тұрақты.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 4 ай қорытындысымен Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасқан.
Инвестиция мен өнеркәсіп көлемінің артуы – аймақ экономикасының дамуымен тікелей байланысты.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 26,1 млрд теңгені (2022 ж. - 20,1 млрд.) құрап, 103,7%-ға, инвестициялардың көлемі 10,1 млрд теңгеге жетіп (2022 ж. - 3,1 млрд.), 267,7%-ға орындалды.
Аталған көрсеткіштердің негізгі бөлігін ірі қала құраушы кәсіпорындар – «Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «Еврохим» ЖШС-і құрайды.
Ауданда алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспективалық жоспары жасақталған.
Ауыл шаруашылығы саласы.
Ауыл шаруашылығы саласында 4 айда өндірілген өнімнің көлемі 2,6 млрд теңгені құрап (2022 ж. - 1,9 млрд), өткен жылмен салыстырғанда 102,8%-ға артты.
Егістік жер көлемі 24 717 га құрап, оның 24 500 га немесе
99,0%-ы игерілді.
Пайдаланылмай жатқан 77,6 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Елді мекен жайылымы 110,0 мың га ұлғайды.
Ауданда мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артуда.
Жыл басынан өндірілген ет көлемі 3,0%-ға, сүт өнімі 2,7%-ға артты.
Жыл басынан бері 254,3 млн теңгені құрайтын 32 жаңа техника алынып (9 трактор, 23 қосалқы техникалар), жаңару көрсеткіші 4,6%-ды құрады. Жыл аяғына дейін техника жаңарту үлесі 12,0%-ға жеткізілетін болады.
Кәсіпкерлік саласы.
Кәсіпкерлікті дамыту басты назарда.
Бүгінгі күнге ауданда 4 932 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 4 385-і белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 48,2%-ға артты.
Жыл басынан кәсіпкерлерге 472 млн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда:
- «KMF» МҚҰ» ЖШС Жамбыл филиалы Жаңатас бөлімшесі арқылы «Бизнес бағдарламасы» бойынша ауданда жалпы қаражаты 352,0 млн тг. көлемінде 334 жоба несиелендірілді.
- «БЖК - 2025» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген 6%-дық несиемен 6 жоба 120,0 млн тг. қаржыландырылды.
Көтерме сауданың көлемі 1,4 млрд теңгені, бөлшек сауда айналымы 1,0 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға артып отыр.
Құрылыс жұмыстары.
Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың 4 айында 1,5 млрд теңгені құрап, 147,5%-ға жетті (2022 ж. - 990,8 млн тг.).
Биыл құрылыс саласына «Шағын және моно қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 578,1 млн теңге қаржы қаралып отыр (о.і.: Жаңатас қаласы «Құрылысшы» массивіне («Строитель», «Горняк», «Фосфарит») су құбыры, электр, газ желілерінің құрылысын салуға 519,1 млн тг. және Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарын газбен жабдықтау жобасына 59,0 млн тг. қаржы қаралып, конкурс жұмыстары жүруде).
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында жылдық қуаты 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салуға (бірінші кезек) 2,1 млрд теңге және Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау (35 кВ ӘЖ салуға) үшін 163,5 млн теңге қаржы бөлініп, биыл аяқталады.
Тұрғын үй көлемі.
Ауданда 4 айдың қорытындысымен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2 467 ш.м. немесе 103,0%-ды құрап отыр (2022 ж. 4 ай – 2394 ш.м.).
Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 1 588 адам тұр (01.05.2023 ж. жағдай).
Үстіміздегі жылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге қаралып, қазір мердігерлерді анықтау бойынша конкурс жұмыстары жүргізілуде (Жаңатас қаласы 2 ш/а. 90 пәтерлі №32 тұрғын үй ғимаратын қайта жаңғыртуға 538,2 млн тг. (ОБ)., халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үйлер сатып алуға 1,5 млрд теңге (РБ - 768,0 млн, ҰҚ - 777,6 млн).
Бюджеттің атқарылуы.
Ауданның жалпы бюджеті 15,2 млрд теңгені құрап отыр.
4 айдың қорытындысымен аудандық және қала мен ауылдық округтер бюджеттерінің кірістер жоспары 603,7 млн теңге болса, нақты түсім 1,1 млрд теңгені құрап, 91,6%-ға артты (бюджетке 553,5 млн тг. артық түсім түсті).
Бюджетке түсетін салықтық түсімдер 173,3%-ға орындалды, яғни болжамнан 431,3 млн тг. артық түсім жасалынды.
Салықтық емес түсімдер 245,2%-ға қамтамасыз етіліп, бюджетке 4,9 млн тг. артығымен түсті.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 119,5 млн тг. артық түсті. Артық орындалуының себебі, жыл соңында өткізілген аукцион нәтижесімен («Үш алып» ғимаратының сатылуы) түсім жасалынды.
Трансферттер жоспары 100,0%-ға орындалып, толықтай түсім жасалынды.
Жалпы кірістер бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім бар, атап айтқанда,
146,0%-ға немесе 293,6 млн тг. артық түскен.
Бюджет шығындарының атқарылуы 98,5%-ға қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылы елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отыр.
2023 жылғы 4 наурыз және 6 мамыр аралығында көктемгі екі айлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды (10 ақпандағы №18 аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес).
Көктемгі санитарлық тазарту жұмыстарының қорытындысы бойынша:
- 7016 дана тал-дарақтар отырғызылды (701,6%);
- 400 метр гүлзарлар орнатылды (100%);
- 600 метр көгалдандыру жұмыстары жүргізілді (100%);
- 58,1 шқ. арық жүйелері мен каналдар (100%);
- 71500 ш.м. саябақтар мен скверлер (102,1%);
- 60 шақырымды құрайтын көшелер тазаланды (100 %);
- 713 тонна күл-қоқыс шығарылды (102 %).
Көше жарығына да ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде, елді мекендер ішіндегі 224 көшенің 167-сі жарықтандырылған.
А.ж. Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерге көше жарықтарын орнату үшін 63,3 млн теңге қаралды (Жаңатас қаласы 9 көше - 26,2 млн тг., ауылдарға - 37,1 млн тг.).
Автокөлік жолдары.
Аудан көлеміндегі автожолдардың жалпы ұзындығы 525,47 шқ. құрайды.
- облыстық - 281,8 шқ.,
- аудандық - 64,87 шқ. (жағдайы 100% жақсы),
- елді мекен көшелері - 188,8 шқ (жағдайы 80% жақсы).
2023 жылы жол құрылысына 475,5 млн теңге бөлінді.
Оның ішінде, 445,9 млн теңге - республикалық және облыстық, 29,6 млн теңге - жергілікті.
Барлығы 12 жолды жөндеу жобалары іске асырылатын болады.
Оның ішінде:
- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 1 жоба немесе 9,2 шқ. (Шағалалы ауылына кіре беріс).
- «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 10 жоба немесе 10,5 шқ. (мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстар жүргізілуде).
- Жергілікті бюджеттен қолдау тапқан Ұ.Сыздықбай ауылы Қабылұлы көшесінің орта жөндеу жұмыстары (мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде).
Аталған құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендер көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 84%-ға жететін болады.
Елді мекендерді ауыз сумен қамту саласында.
Аудан бойынша 25 елді мекеннің 20-ы (Жаңатас қ. қоса алғанда) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген (үлесі 80%).
А.ж. 5 елді мекеннің ауыз су жүйесінің құрылысына, күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарына 1,8 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігері анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін құжаттары рәсімделу үстінде.
Оның ішінде:
- Саудакент ауылының ауыз су жүйесін (614,3 млн тг.) және Тоғызкент ауылының ауыз су жүйесін (409,4 млн тг.) қайта жаңғырту жұмыстары, мердігер: «СПЕЦКОММУНСТРОЙ» ЖШС;
- Ақтоғай ауылының су құбыры қайта жаңғырту жұмыстары (328,0 млн тг.) және Шағалалы ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы (243,0 млн тг.), мердігер: («УниверсалСтройСервис» ЖШС);
- Үшбас ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы (208,1 млн тг.), мердігер: («КорпорацияАлем-құрылыс» ЖШС).
Одан бөлек, Майлыкөл және Ақтам ауылдарына КБМ (кешенді модульдік блог) орнатуға облыстық бюджетке 53,0 млн теңгеге өтінім ұсынылып, қолдау тапты, биыл жүзеге асырылатын болады.
Аталған жобалар пайдалануға берілгеннен кейін ауданды ауыз сумен қамту деңгейі 96,0%-ға дейін артады (24 елді мекен, халық санының 99,9%).
2024 жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту 100%-ға жетеді деп күтілуде.
Елді мекендерді газдандыру.
Бүгінгі таңда 25 елді мекеннің 4-і немесе 16%-ы табиғи газбен қамтылған (Досбол, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілдә - 2469 адам н/е 5,6%).
Ауданда газдандыру бойынша 2 нысанның құрылысы жүргізілуде:
1) Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы (жобаның жалпы құны 7,7 млрд теңге, 2021 ж. - 2,2 млрд тг., 2022 ж. - 2,1 млрд тг., 2023 ж. қайта есептелуде).
2) және аудандағы 14 елді мекенге газ құбырларын салу мен газдандыру жұмыстары (конкурстық құны 7,7 млрд тг., 2021 ж. - 2,2 млрд тг., 2022 ж. - 1,8 млрд тг., 2023 ж. - 2,5 млрд тг.).
Газ тарту жұмыстары толық аяқталған соң (2019-2023 ж.ж.) ауданның газбен қамтылу үлесі 72%-ды немесе халық санының 96,8%-ы қамтылады деп күтілуде.
Одан бөлек, ағымдағы жылы Шағалалы ауылын газбен жабдықтау үшін облыстық бюджеттен 98,2 млн теңге қаржы қаралып (мердігер - «Тараз Даниял-К» ЖШС), жұмыстар басталуда.
Спорт саласы.
Ауданда спорт саласында да айтулы көрсеткіштерге қол жеткізудеміз.
Тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны - 17 294 адамды, яғни 38,5%-ды құрайды (жыл аяғына дейін - 40,0% көрсеткішке жету межеленген).
Аудандағы 25 елді мекеннің 24-і спорт нысандарымен қамтылған (тек 50 шақты тұрғыны бар Ақтам ауылы қалды).
Ауданда 250 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 2 спорт кешені, 1 стадион, 32 спорт зал, 28 футбол алаңы, 173 спорт алаңшасы (33 баскетбол, 32 волейбол, 38 кіші футбол, 32 стрит воркаут), 14 кіші залдар. Қосымша 64 балалар ойын алаңшалары салынған.
Жыл басынан спортшыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда барлығы 152 медальға (44 алтын, 40 күміс, 68 қола) ие болды.
Биыл 29,2 млн теңгеге 2 спорт нысанының құрылысы (Саудакентте 16,2 млн теңгеге кіші футбол алаңшасы, Тоғызкентте 9,0 млн теңгеге стрит воркаут), 1 нысанға ағымды жөндеу (4,0 млн теңгеге Бүркітбаев ауылындағы футбол алаңшасы) жұмыстары жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласы.
Ауданда 28 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (аудандық орталық аурухана – 1, аудандық емхана – 1, дәрігерлік амбулатория – 6, ауылдық емхана – 1, фельшерлік-акушерлік тірек – 5, медициналық тірек – 14).
28 мекемеде 644 медицина қызметкері қызмет етеді (67-і жоғары санатты дәрігер).
Аудандағы 44 228 халықтың 38 697-і орталық аурухананың халықты тіркеу регистріне (РПН) тіркелген (0-14 жасқа дейінгі балалар саны – 13 457 , 1 жасқа дейінгі – 655, жасөспірімдер – 1994, ересектер – 23 247, туу жасындағы әйелдер саны 8410).
Аудан 26 учаскелік аймаққа бөлінген (қала бойынша – 14, ауыл-аймақ бойынша 12), орташа бір аймаққа тіркелген тұрғындар саны - 1505 адам.
Аудандық орталық ауруханада 144 төсек-орын қарастырылған.
2023 жылдың 1 тоқсанында 1063 пациент емделді.
Биыл Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы жоспарлануда. Жоба құны - 249,7 млн теңге.
Аудандық орталық аурухананың ғимараты «Стройнадзор Алматы» ЖСШ-і тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарына жарамсыз деп танылған. Осыған байланысты, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылға Сарысу аудандық орталық ауруханасына жаңа заманауи ғимарат соғу жоспарлануда.
Бұл ретте, аудан әкімдігі тарапынан Жаңатас қаласы аумағынан 3 гектар жер телімі бөлініп берілді.
Өткен жылдың соңында Жаңатас қаласы Дегерес елді мекені мен Тоғызкент ауылында 30 келуші арналған дәрігерлік амбулаториялар, Әбілда ауылында 5 келушіге арналған медпункт пайдалануға берілді.
Мәдениет саласы.
Ауданда барлығы - 2 мәдениет үйі (1 аудандық, 1 Саудакент ауылдық),
17 ауылдық клуб, 26 кітапхана бар.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Өндіріс ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны - 222,5 млн тг. (аяқталу мерзімі – 03.07.2023 ж.).
Сонымен қатар, Жайлаукөл, Шығанақ ауылдық клуб үйлеріне жергілікті бюджеттен қаражатымен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жыл басынан 289 мәдени іс-шара өткізіліп, 33 мыңнан астам көрермен қамтылды.
Биыл жоспарымыз ауқымды. Жыл ішінде, «Сарысу ауданының 95 жылдығын», «Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығын», «Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасын» кең көлемде атап өту жоспарлануда.
Аудандағы Білім саласы бойынша:
Ауданда 27 мектеп бар, онда 9 107 бала білім алуда. Оларға 1 302 мұғалім сабақ береді.
Ауданда 9 мектептен тыс мекемелерде 3 823 оқушы қосымша білім берумен қамтылған.
Ал, мектепке дейінгі 24 мекеме бар. Ондағы 11 балабақшада 1680 бала, 13 шағын орталықтарда 483 бала, барлығы 2163 бала тәрбиеленуде. (қала-1380, ауыл-783). 11 балабақшаның 8 мемлекеттік 3 жекеменшік нысанда. 12 шағын орталық мемлекеттік 1 жекеменшік нысанда..
Білім саласын қаржыландыруға 2022 жылы 10,9 млрд теңге, 2023 жылы 12,8 млрд теңге бөлінді.
Барлық 27 мектеп 98 заманауи модификациялық кабинетпен жабдықталған, қамтылу үлесі 71,2% құрайды.
Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп» шарасы негізінде 27 мектептің 5-де (18,5%) турникеттер орнатылып, қала мектептерінде түймелері қойылған, мамандандырылған күзет қызметтері жұмыс жасауда, бейнебақылау камералары жергілікті полиция бөліміне интеграцияланған. Аталған шара 2023 жылы 700 астам оқушысы бар ауыл мектептерінде жалғасын табады.
Биыл 250,0 млн теңгеге «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен аудандағы Б.Адамбаев мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
Білім нысандарына әкімдік тарапынан 3 жобаға 625 млн теңгеге ЖСҚ мен мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім беріліп, қолдау тауып, бүгінгі таңда Жаңаталап орта мектебіне жапсарлас спорт зал (117,4 млн теңге) және асхана мен мәжіліс зал (95,1 млн теңге) құрылыстары жүргізілуде.
Маятас ауылында 50 оқушыға арналған модульдік мектеп құрылысын салуға 409,9 млн теңге 2024 жылдың облыстық жол картасына енгізілді.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 399,2 млн теңгеге 2 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады. Қазіргі таңда, сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаздары анықталды.
- Абылайхан мектебіне 315,9 млн тг. («НұрТұрсын» ЖШС);
- М.Әуезов мектебіне 83,3 млн тг. («ГрадСтройСервис» ЖШС).
Балаларды жазғы сауықтыру лагерімен қамту
Биыл 5 212 оқушы (61,1%) жазғы сауықтыру лагерімен қамту жоспарлануда (1754 бала (22,3%) мектеп жанындағы лагерлерде, 700 бала (4,1%) қала сыртындағы лагерлерде, 2558 бала (32,4%) профильді лагерлерде демалады).
Жастар саясаты.
Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру біздің басым бағыттарымыздың бірі.
Ауданда 14 083 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 31,7%-ын құрайды.
Жыл басынан жастар саясаты бағытында 247 іс-шара өткізіліп, 3 427 жас қамтылды.
Аудан көлемінде 1 210 ерікті жастың қатысуымен 79 қоғамдық іс-шаралар (қайырымдылық акциялары, т.б.) ұйымдастырылды.
Әлеуметтік қамсыздандыру.
Биыл 285 отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды (1427 адам). Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда АӘК алушы отбасы саны 132-ге азайды (2022 ж. 417 отбасы).
А.ж. 1 мамырына 1 130 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны - 1054 адам немесе 93,3%.
Жыл басынан 1262 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы.
Ауданда «Халықтың тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының 2-ші кезеңіне Жайылма ауылдық округі (аула саны - 573, халық саны - 3814 адам) енгізілді.
926 млн теңгеге 164 жобаны іске асыру жоспарланды.
Бүгінгі күнге 1,3 млрд теңгеге 188 өтінім (113%) «Тараз» ӘКК-на тапсырылды. 142 өтінім бойынша 618 млн теңге қаржы төленді. Орташа чек - 4,3 млн теңге.
Нәтижесінде: ауылдағы жеке кәсіпкерлер саны 63-тен 266-ға (4,2 есе) артты. Тиісінше жұмыссыздар саны 31-ден 12-ге (2,6 есе) азайып, қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың саны 12-ден 9-ға (25%-ға) азайды.
Бір отбасының жылдық табыс көлемі 730 мыңнан 1,0 млн теңгеге көлемінде ұлғаяды (+37%) деп күтілуде.
А.ж. 3 ауылдық округте (Жаңаталап, Игілік, Жаңаарық) пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардағы аула саны 989 (халық саны - 6112), оның ішінде жобаға қатысатын аула саны 383 (39%).
Қажеттті қаражат көлемі - 1,6 млрд теңге.
Оның ішінде:
І бағыт. Үй іргесінде егістік жерлерді игеру - 9,4 млн теңге (айналым қаражатын толықтыруға) және 8 отбасылық жылыжай - 34 млн теңге. Барлығы 43,4 млн теңге.
- ІІ бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын дамыту үшін 343 жоба (8775 бас мал басын сатып алуға) - 1,1 млрд теңге.
- ІІІ бағыт. Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру - 70,7 млн теңге.
- ІV бағыт. Құрылған кооперативті жабдықтауға - 42 дана а/ш техникасы 262,5 млн теңге.
- V бағыт. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 32 жоба – 175,0 млн теңге.
3 ауылдық округтегі АСП алушы отбасы саны - 77, жұмыссыздар саны - 149, өзін-өзі жұмыспен қамтығындар саны 776. Жобаға дейінгі кәсіпкерлер саны - 292 бірлік.
Жобаны іске асырылуы тұрақты бақылауда.
Қауіпсіздік саласы.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз.
А.ж. 4 айында аудан бойынша тіркелген қылмыс саны 49-дан 42-ге (14,3 пайызға) төмендеген. Оның ашылу деңгейі 87,8%-ды (2022 ж. - 73,2%) құрады.
Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде 88 дана цифрлық бейне бақылау камералары орнатылған.
Әкімдік тарапынан полиция қызметкерлері 50 планшет, 20 рация, дрон және 50 бейне регистратормен қамтамасыз етілді.
Бюджеттік-инвестициялық жобалар.
Қаржылық мәселелерге тікелей байланысты жобалар да баршылық.
2023 жылға 22,3 млрд теңгеге 62 жоба әзірленген. Оның ішінде, 37 жоба (14,1 млрд. тг.) қолдау тауып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қалған (жалпы құны 8,2 млрд. тг. құрайтын) 25 инвестициялық жоба (жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен) нақтылауда тұр.
- «Асыл тұз» компаниясы ЖШС кірме темір жол құрылысы - 227,0 млн теңге (РБ);
- Жайылма-Маятас ауылдарының ауыз су жүйесін күрделі жөндеу - 1 жоба 390,6 млн теңге (ОБ);
- Жаңатас қаласынан «Жастар» спорттық-сауықтыру кешені құрыысын салу - 858,0 млн теңге (ОБ);
- Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу - 404,4 млн теңге (ОБ);
- Каналдарды жөндеу – 2 жоба (Сарыөзек-7,1 км/193,0 млн тг., Жаңа кәрітоған - 4,6 км/329,7 млн тг.) барлығы - 11,7 км/522,7 млн теңге (ОБ);
- Жаңатас қаласындағы 12 көпқабатты тұрғын үйді модернизациялау - 1 жоба - 409,0 млн теңге (РБ);
- Жаңатас қаласы «Құрылысшы» массивіне кәріз құбырының құрылысы (ИКИ) - 269,0 млн теңге (РБ);
- Жаңатас қаласында 80 пәтерлі көпқабатты 2 үйдің (6 мкр. №17 - 939,1; №18 - 954,3) құрылысы - 1893,4 млн теңге (РБ);
- Аудандық ауруханың құрылысы - 1596,6 млн теңге (РБ);
- 4 мектепті (Б.Қашқынбаев (259,4), Түгіскен (301,6), Отарбаев (217,5), Абай (247,8) күрделі жөндеуге - 1026,4 млн.тг (ОБ);
- Тоғызкент (169,2), Жайылма (208,5), Сыздықбайұлы (81) клуб үйлерін күрделі жөндеу - 3 жоба 458,7 млн.теңге (ОБ);
- Тоғызкент ауылындағы спорт зал құрылысы - 432,7 млн.теңге (ОБ);
- Жанаталап (0-2,6км-112,9 млн тг.), Тоғызкент (0-0,73км-27,1 млн тг.) кіре беріс жолды жөндеу 2 жоба – 140,0 млн тг. (ОБ);
- Тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы (Байқадам, Жанаталап, Игілік) - 359,4 млн тг. (ОБ);
- Жайылма, Түркістан және Қамқалы а.о. биотермиялық шұңқыр құрылысы - 3 жоба - 79,1 млн тг. (ОБ).
Cонымен қатар, аудан бюджеті есебінен 11,4 млрд теңгеге
13 жобаның ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Аудан әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімдері, қала және ауылдық округ әкімдері алдағы уақытта да аталған бағытта жұмысты жалғастыра беретін болады.
Біз, өз кезегімізде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды орындау бағытында тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз.
Cәкен Мамытов, Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Келесі мақала
Ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024