Жаңалықтар

Ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады

Ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады

Бүгінде билік пен бұқара халықтың арасы жақындай түскен. Жергілікті атқарушы орган өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштерін тыңдап, жеке сұрақтары бойынша қабылдауы халықтың тұрмысын түзеуге, елге ортақ өзекті әрі түйткілді мәселелердің шешілуіне септігін тигізуде. Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов Түркістан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылының тұрғындарымен кездесті.  width= Ауданда және ауылдық округте атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталған Сәкен Үмбетұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Ауыл тұрғындары тарапынан жер, газ, ауыз су, ауылға медициналық пункт ғимаратын салу және өзге де мәселелер көтерілді. Сәкен Үмбетұлы әр мәселе бойынша шешілу жолдарын тұрғындарға түсіндірді. Кейбір мәселелерге байланысты ауылдық округ әкіміне тапсырмалар берді және бақылауда болатындығын айтты. Сарысу ауданы әкімдігі