БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ, ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ
БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ, ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Бүгін осы тақырыпты кеңінен талқылап, маңыздылығын түсіндіру үшін аудандық мәдениет үйінде аудандық ата – аналар форумы өтті. Форумға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, медицина ғылымдарының докторы, психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры, жоғарғы санаттағы дәрігер Шахметов Белгібай Амангелдіұлы, Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы Баймағамбетов Ілияс Алшынбайұлы, Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қалжанов Қуанышбек Жақсылықұлы, тиісті сала басшылары, мектеп директорлары, орынбасарлары, мұғалімдер мен ата – аналар қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов ашып, жүргізіп отырды. Форумның күн тәртібіндегі мәселеге байланысты «Психикалық денсаулықты қорғау және нығайту – әрбір жеке тұлғанын және қоғамның 1-ші мәселесі» тақырыбында ата –аналарға медицина ғылымдарының докторы, психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры, жоғарғы санаттағы дәрігер Шахметов Белгібай Амангелдіұлы кеңінен түсіндірді. Бұдан кейін «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» тақырыбында аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов баяндады. Одан бөлек, ауданымыздың білім саласындағы бала тәрбиесіндегі негізгі және проблемалық мәселелер жөнінде түрлі тақырыптарда аудандық білім бөлімінің бала тәрбиесімен тығыз байланыс жасайтын сала мамандары айтып өтті және тренинг өткізді. Форумға қатысушы ата –аналар атынан Байқадам ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Төлмағамбетов сөз сөйлеп, бала тәрбиесіне ата-аналармен қатар, қоғам болып ат салысу керектігін айтты. Аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне тоқталып, баланың бас ұстазы – ата – анасы екендігіне, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табатындығына тоқталды. Форумға қатысушылар өзара пікір алмасты, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Сарысу ауданы әкімдігі