БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Бата ғасырлар бойы тарап, өмірдің келбетіне айналған дәстүрдің бірі. Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің ақ батасын алуға тәрбиелеген. «Баталы елге бақ қонар» деген. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. Батаға үлкен сеніммен қарайды. 🔰Бүгін Саудакент ауылындағы мәдениет үйінде аудан қариялары арасында «Батамен ел көгерер» атты аудандық байқау өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов қатысып, құттықтауын жеткізді. 🔰Өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, байқаудың негізгі мақсаты ата-бабамыздың байырғы салт-дәстүрін, бабалардың ұлағатты, ғибратты сөздерін жаңғыртып, әдет-ғұрыпты дәріптеу, сонымен қатар, сөздің асылы, ақ тілектің атасы, бата беру дәстүрін жас ұрпаққа жеткізу және жалғастыру екендігін айтып өтті. ⤴️Байқауға Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден 11 батагөй қария қатысты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынға жайылмалық Үмбетов Кенжеболат қария, екінші орынға ақтоғайлық Тулеуов Серік қария, жүлделі үшінші орынға жаңаталаптық Орынтай Ізтай қария ие болды. Байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов арнайы дипломдармен, заттай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, барлық байқауға қатысушы қарияларға «Аманат» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы М. Есмұрзаев Алғыс хат, заттай сый-сыяпаттар табыс етті. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің «Сарысу» триосы көпшілікке әсем әннен шашу шашты. Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі