
«ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ»
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Ауыл -ел бесігі» дәстүрлі экспедициясының аясында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Ұлттық идеологияның қайнар көздері» атты көшпелі дөңгелек үстел өтті.
📌Облыстан келген сыйлы меймандарды аудандық Мәдениет үйінің фойесінде аудандық білім бөліміне қарасты экологиялық орталық пен балалар шығармашылық орталығының оқушылары өз қолдарымен жасаған ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесімен қарсы алды.
♦Шараға «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері C.Мешітбайқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Ш.Мұртаза атындағы «Баспасөз үйі» КММ-сі директорының орынбасары Р.Нұрақбаев, облыстық білім басқармасының өкілі Г.Келдібаева, аудан әкімі Ә.Балқыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Көдеков және білім саласы қызметкерлері мен аудан жастары қатысты.
✅Жиында көшпелі дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары сахна мінберіне көтеріліп, шараның негізгі мақсат-міндеттерін атап, ұлттық тәрбиенің рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне басымдық беру, әкелер мектебін қалыптастыру, өскелең
ұрпаққа рухани тәрбие беру, жастар арасындағы қатігездікпен күрес, т.б. өзекті мәселелерді көтеріп әрі осы қоғам дертіне айналып бара жатқан жайттармен күресудің жолдарын
ұсынды.
🔷Содан соң мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашып, жиылған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мойынқұм ауданы әкімдігі
Келесі мақала
БАТАҒА БАЙ ҚАРИЯЛАР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024