Жаңалықтар

АУДАН ƏКІМІ ҚАРАСАЗ ЖƏНЕ ШАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ƏКІМІ ҚАРАСАЗ ЖƏНЕ ШАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" №826 Жарлығының негізінде аудан әкімі Жалғас Мұртаза өткен жұма күні Қарасаз және Шақпақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. ✔️Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев та қатысты. ✔️Аудан әкімі Жалғас Мұртаза алдымен ауылдық округ тұрғындары алдыңғы кездесулерде көтерген мәселелер аясында үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстар мен жоспарлы жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. -Биылғы жылы "Ауыл - Ел бесігі" жобасымен 177 млн теңгеге төрт көшенің жолы жөнделеді. Енді Нұрлы жол көшесі ғана қалып отыр. Ол көше де келесі жылғы жоспарға енгізілетін болады. Қарасу мен Жүрімбай ауылдары арасындағы жол былтыр бітпей қалған. Оған себеп битумның тапшылығы. Бөлінген қаржы кері қайтарылған. Битум тапшылығына қатысты мәселе бізде ғана емес, еліміз бойынша орын алды. Сондықтан биыл ретін тауып бұл мәселені шешетін боламыз. Бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселе - бала тәрбиесі. Интернеттегі түрлі ақпарат көздері, құмар ойын түрлері жастарды адастыруда. Сондықтан балаға қатты мән беру керек. Ұлттық құндылықтарымыз қай заманда да маңызын жоғалтпайды. Қазіргі заманның озық үлгілерімен ұлттық құндылықтарымызды ұштастыра білуіміз керек,- деді Жалғас Алижанұлы. ✔️Сонымен бірге аудан басшысы Қарасаз ауылы аудандағы төрт ірі елді мекеннің бірі болғандықтан ауылдан заман талабына сай спорт кешенін салу жоспарланып отырғаны туралы да айтып өтті. *** ✔️Шақпақ ауылдық округінде өткен кездесуде алдымен Шақпақ ауылдық округі келер жылы "Ауыл аманаты" пилоттық жобасына енетіні айтылды. Бұл пилоттық жоба ауыл тұрғындарының табысын арттыруда бірден-бір нәтижелі жоба. Жұмыс істеймін деген адамға таптырмас мүмкіндік. ✔️Ауылдық округте үстіміздегі жылы Т.Дүйсебайұлы ауылында Б.Момышұлы көшесі, Шақпақата ауылында Оразбаев көшесі жөнделеді. Бүгінгі таңда аталған көшелердің қаржысы порталға жүктелген. ✔️Амангелді атындағы орта мектептің ғимараты күрделі жөндеуді талап етеді. Алайда мектепті күрделі жөндеуден өткізу келесі жылға жоспарланып отыр. ✔️Шақпақата ауылы тұрғындарының тағы бір өтініші бейіттің басына барар жолға құмшағал төсеп беру еді. Аудан әкімі бұл мәселеге де қолдау білдіретінін жеткізді. ✔️Жер мәселесі Шақпақ ауылдық округінде сұранысқа ие. Сондықтан аудан басшысы Жалғас Алижанұлы алдағы уақытта бос жерлер конкурсқа қойылатынын айтып өтті. ✔️Кездесу барысында басқа да мəселелер көтерілді. Жуалы ауданы әкімдігі