
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні.
Айтулы күнге орай таласта салтанатты шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков мәдениет және өнер қызметкерлері күні арналған жиынға қатысты.
- «Ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруда, ел идеологиясы мен жаңғыруында, рухани байлығы мен асыл мұрасын дәріптеуде сала мамандарының орны айрықша» - деді аудан басшысы.
Ауданымызда мәдениет және өнер саласның дамуына айрықша үлес қосқан, ұзақ жылдар табысты еңбек еткен біршама мамандар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, Талас аудандық мәслихатының «Құрмет Грамотасы» табысталды.
Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың әуелеген әніне, мың бұралған биіне ұласты.
Талас ауданы әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024