Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында сенсация жасады
turkystan.kz. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Vesti.kz жазуынша, матчта алғашқы жетістікке словак хоккейшілері жеткен. Оған 15-минутта Патрик Кохтың күшімен қол жеткізді. Ал бұған қазақстандықтар Роман Старченко, Валерий Орехов, Евгений Рымарев екінші кезеңде, 22, 25 және 26-минуттарда дәл соққылармен жауап берді. Осы жеңістің арқасында Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 4 ұпай жинап, В тобында жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Қазақстандық команда үшін бұл – екінші жеңіс. Бұған дейін Норвегиядан буллит (4:3) бойынша басым түсті. Содан кейін Чехиядан (1:5), Швейцариядан (0:5) және Канададан (1:5) жеңілді. Қазақстан келесі ойынды 20 мамырда Латвиямен өткізеді. Ойын Астана уақытымен 23:20-да басталады. https://turkystan.kz/article/223556-kazakstan-hokkeyden-elem-chempionatynda-sensatsiya-zhasady/