Алматыдағы қайғылы жағдай: бойжеткен 19-қабаттан секіріп кеткен
Алматыдағы қайғылы жағдай: бойжеткен 19-қабаттан секіріп кеткен
Төменге құлаған арудың ажалынан соң оның түсірген видеосы. Қара аяқ киімі, көк оттығы мен телефонын қалдырған. Дүрс еткен дауысты естіген тұрғындар өре түрегеле далаға атып шығады. Бойжеткен сағат 13:50 шамасында тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан секірген. Оқиға орнына полиция он минутта жеткен. Мәйіт жатқан жерге құм сеуіп тастаған. Ал бақылау камерасына жауапты мамандардың айтуынша, марқұм Брусловский көшесі жағынан келіп, есіктегі құпия сөзді жазып, ары қарай жеделсатымен жоғары көтерілген.
Тергеуге байланысты бақылау камерасының видеосын көрсетпеді. Дегенмен осы кешеннің тұрғындары ол әңгімені айна-қатесіз қайталап тұр. Жаға ұстататын жағдайдан соң көбі балаларын сыртқа шығармаған.
Полицияның мәліметінше, суицидке барған В.есімді арудың жасы 23 те болған. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалды.
Тапа-тал түсте 19-қабаттан секіруіне не түрткі болғаны марқұмның өзіне ғана аян. Бәлкім тергеуде телефонынан тың дерек табылып қалар. https://turkystan.kz/article/223586-almatydagy-kaygyly-zhagday-boyzhetken-19-kabattan-sekirip-ketken/