Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Үш ауданаралық аурухана ашылады

Үш ауданаралық аурухана ашылады
ашық дереккөз
Үш ауданаралық аурухана ашылады
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналатыны жане онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады.Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыратыны туралы айтылған болатын.
Осыған байланысты Жамбыл облысында үш ауданаралық аурухана ашылатын болады. Олар 1)Шу қалалық ауруханасы мен Мойынқұм,
2)Меркі және Т.Рысқұлов, 3)Талас жане Сарысу аудандық ауруханаларында ашылады.
2024 жылдан бастап, Шу және Мойынқұм аудандарының халқына жоғары сапалы медициналық көмекпен қамту үшін, Шу қалалық көп бейінді ауруханасы болып қайта жаңғырады.
Онда инсульт орталығы және (немесе) тері арқылы коронарлық араласу орталығы, перинаталдық орталық немесе перзентхана, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар, жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Құрметті Мойынқұм ауданы тұрғындары!
Ел арасында аудандық орталық аурухана Шу қаласына көшіріледі екен, орталық аурухана жабылады екен және т.б қауесет бар.2024 жылдан бастап, Шу және Мойынқұм аудандарының халқына жоғары сапалы медициналық көмекпен қамту үшін, Шу қалалық ауруханасы көп бейінді аурухана болып қайта жаңғырады.
Ал Мойынқұм ауылындағы аудандық орталық аурухана бұрынғыша штаттық режимде жұмысын жалғастыра беретін болады.

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар