Жаңалықтар

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау барлық сынып үшін соғылмайды

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау барлық сынып үшін соғылмайды

Мегаполисте 4, 9 және 11-сынып оқушылары үшін ғана оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева мәлім етті, – деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылының мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.

Спикердің сөзінше, сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшелігін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді.

Қалалық Білім басқармасы өкілінің айтуынша, 1 маусым күні 4, 9 және 11-сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өткізіледі.

https://turkystan.kz/article/223766-almaty-mektepterinde-songy-konyrau-barlyk-synyp-ushin-sogylmaydy/