Зерделеу жұмыстары
Зерделеу жұмыстары
Бүгін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Жамбыл және Мойынқұм ауылдарын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында Алайғыр және Ақиық каналдарын байлау жұмыстарының нәтижесі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Содан кейін Көкжелек ауылына жүргізіліп жатқан ауыз су тораптарының бүгінгі таңға атқарылған жұмыстарын бақылап, аталған жұмыстарға жауапты тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне алда жасалынуы керек жұмыстар жайлы нақты тапсырмалар берді.