Жаңалықтар
Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW видеоға түсіп қалды
- NAQ.KZ
- 25 мамыр, 2023
- 44

Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW видеоға түсіп қалды
Оқиға куәгерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігін видеоға түсіріп алды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.
«Мен оған ескерткен едім, ол: «Өзгенің ісіне араласпа», – деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол: «Қалағанымды істеймін» деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді», – дейді видео сыртындағы дауыс.Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Жетісу облысының Полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз деп жауап берді.
«Біз қазірдің өзінде бұл видеоға қатысты жұмыс істеп жатырмыз. Біріншіден, бұл оқиғаның нақты қай жерде болғанын анықтау керек, себебі Жетісу облысы мен Алматы облысының шекаралас аймағы бар. Көкнәр алқаптары екі облыста да өседі. Көліктің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі Алматы облысына тиесілі болғандықтан, анықтаймыз», – деді ПД өкілдері.Осыдан кейін Алматы облысының полициясына сауал жолдадық. Олар да оқиға орнын анықтайтындарын айтты.
«Арқарлы асуы Жетісу облысына, ал Шеңгелді ауылы Алматы облысына қарайды. Бейнежазбада негізінен көкнәр алқабы түсірілген, ол Жетісу өңірінде басымырақ», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.https://turkystan.kz/article/224056-almaty-manyndagy-kokner-alkabynda-zhurgen-bmw-videoga-tusip-kaldy/
Келесі мақала
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024