Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW видеоға түсіп қалды
Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW видеоға түсіп қалды
Оқиға куәгерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігін видеоға түсіріп алды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.
Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Жетісу облысының Полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз деп жауап берді.
Осыдан кейін Алматы облысының полициясына сауал жолдадық. Олар да оқиға орнын анықтайтындарын айтты.
https://turkystan.kz/article/224056-almaty-manyndagy-kokner-alkabynda-zhurgen-bmw-videoga-tusip-kaldy/