
«Атырау - Алматы» жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді
«Атырау — Алматы» жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмектескен.
Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады. Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді.
Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.
https://turkystan.kz/article/224203-atyrau-almaty-zholaushylar-poyyzynda-kyz-bala-duniege-keldi/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024