Жаңалықтар

"Бір өңір-бір кітап"

"Бір өңір-бір кітап"

Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Бір өңір-бір кітап" акциясы аясында Қазақстанның айтулы ақын қыздарының бірі Күләш Ахметованың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған "Жыр Күләш" атты әдеби панорама өтті. АБЖК әдіскері Г.Исаева Күләш Ахметова - өзінің азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін, шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді деп ақынның өмірбаянымен шығармашылығына тоқталды.Кітапхана қызметкерлері ақынның әр түрлі жанрда жазылған кітаптарын таныстырып, өлеңдерін оқыды. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқау болған деп кешті ОКЖ әдіскері С.Кулекеева қорытындылады.

Мойынқұм ауданы әкімдігі