Денсаулық

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Медициналық көмектің қолжетілімдігі, сапасы, қаржыландыруы және тұрғындарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері бойынша Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесулер ұымдастырылды. Қылышбай мен Күшаман ауылдарында болған кездесулер барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Дәурен Бурханов медициналық сақтандыру, денсаулық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар көп қойылды. Тұрғындарға Қордың атқарып жатқан жұмысы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ МӘМС жүйесінде мәртебе алудың жаңа тетігі бойынша үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа аудан белсенділері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, БЖТ төлеушілері, халықтың осал топ өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.