Жаңалықтар

Есік қаласының тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр

Есік қаласының тұрғыны өз қыздарын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр

Алматы облысында ер адам туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

 деп хабарлайды turkystan.kz. Оның айтуынша, қыздар зорлыққа қатысты барлық дәлелді жинаған.

Алматы облысы Полиция департаменті бұл факті аудандық ішкі істер бөліміне тіркелгенін хабарлады.

Полиция департаменті бұған дейін полицияға аталған факті бойынша ешкім жүгінбегенін атап өтті. Тергеу барысын облыстық полиция ведомствосының бастығы ерекше бақылауға алды. Толық ақпарат қысқа мерзімде ұсынылады. https://turkystan.kz/article/224271-esik-kalasynyn-turgyny-oz-kyzdaryn-zorlady-degen-kudikpen-tergelip-zhatyr/