Жаңалықтар

Ақтаудағы мектепте 17 егіз бар

Ақтаудағы мектепте 17 егіз бар

Ақтаудағы №12 мектепте 17 жұп егіз бала білім алады. Соның 9-ы биыл 1-сыныпты аяқтайды деп хабарлады

 turkystan.kz. Былтыр мектепке осынша егіз келгенде ұстаздар да таңғалған екен. Бір-бірінен аумайтын бүлдіршіндерді бастапқыда бір сыныпта оқытпақ та болған. Бірақ мұғалімдерге бәрін бірдей айыру қиын болатындықтан, бірнеше сыныпқа бөлген деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Мектеп директоры Жаннат Әнесова осы мектепте 1985 жылдан бері еңбек етеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 30-дай егіз оқушы мектеп бітірген.

https://turkystan.kz/article/224282-aktaudagy-mektepte-17-egiz-bar/