Жол мәселесін бір ауыз сөзбен шешкен оқушы қазір қайда жүр? (ВИДЕО)
Жол мәселесін бір ауыз сөзбен шешкен оқушы қазір қайда жүр? (ВИДЕО)
Бейнежазба осыдан 8 жыл бұрын Жамбыл облысы Жуалы ауданында түсірілген. 2014 жылы Күреңбел ауылының орта мектебінде оқитын оқушыларды тасымалдайтын автобус аудандық білім бөлімінің шешімімен қатынас тоқтаған. Соның салдарынан балалар мен ұстаздардің мектепке баруы қиындаған. Бұл мәселені ауыл халқы бейжай қалдырмай, тасымалды қайта жандандыруды талап ету үшін журналистерді шақырып, сұқбат берген. Пікір білдірушілердің ішінде 7-сынып оқушысы Айбек Әбзелбек те болған.
Желі пайдаланушыларын оқушы баланың сөйлеу мәнері тәнті етті.
«Адырна»тілшісі бір сәтте Қазнетте жұлдыз болған баламен тілдесіп, бейнежазбаның қалай таралғанын сұрады.
Айтуынша, тұрғындар көтерген мәселе БАҚ бетіне шыққаннан кейін бірден шешілген. Қазір Айбек Әбзелбек 21 жаста.
https://turkystan.kz/article/224288-zhol-meselesin-bir-auyz-sozben-sheshken-okushy-kazir-kayda-zhur-video/