AMANAT: Әуе айлақтарға берілген жарамдылық сертификатының мерзімі өтіп кеткен
AMANAT: Әуе айлақтарға берілген жарамдылық сертификатының мерзімі өтіп кеткен
Осылайша, Кеңестің жұмыс тобы азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау жөніндегі қызметтің тиімділігін зерттеп, көңіл көншітпейтін қорытындыға келді. 2022 жылы қазан-желтоқсан айларында Ақтөбе, Зайсан, Балқаш, Шымкент, Павлодар қалаларындағы әуежайларда әуе айлақтарға берілетін жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімі аяқталды. Ал Атырау және Қостанай әуежайларында биыл ақпанда аяқталды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) басшылығы Кеңес отырысына қатысқан жоқ. Атап айтқанда, бас директор Каталин Раду бірнеше аптадан бері партиялықтармен кездесуге уақыт таба алмады.
Сондай-ақ, партиялықтар ішкі әуе тасымалындағы қазіргі баға деңгейін талқылады. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров билеттің қымбатшылығына шағымданатын азаматтар саны күн санап артып бара жатқанын атап өтті.
Бұл пікірмен Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да келісіп отыр. Сондай-ақ ол отандық әуе компанияларына тең жағдай жасалмаған деп есептейді.
Бұған жауап ретінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов ИИДМ тарапынан ешқандай компанияға мемлекеттік қолдау мен қорғау жасалмайтынын атап өтті. Министрлік тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Air Astana компаниясының қызметін заң бұзу тұрғысынан зерделеп, компания мен мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттарды тексеру қажет екенін атап өтті. Кеңестің тағы бір мүшесі, саясаттанушы Талғат Қалиев рейстің кешігуі мен әуежайдың бортқа қызмет көрсетуге дайын болмауының жиілеп кеткеніне назар аударды.
Жиын соңында Кеңес мүшелері Азаматтық авиация комитетіне авиабилет бағасын белгілеуді реттейтін тетік әзірлеуді, рейстің кешігуіне жол бермес үшін шара қабылдауды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қадағалауға қатысты жұмыс тәсілін қайта қарауды ұсынды. https://turkystan.kz/article/224355-amanat-eue-aylaktarga-berilgen-zharamdylyk-sertifikatynyn-merzimi-otip-ketken/