ШҚО-да интернетке қосылған ауылдардың саны 100-ге де жетпейді
ШҚО-да интернетке қосылған ауылдардың саны 100-ге де жетпейді
Шығыс Қазақстан облысындағы «AMANAT» партиясының мүшелері шалғайдағы елді мекендерді интернетке қосу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін байланыс операторларынан лицензияларын қайтарып алу жөнінде бастама көтерді.
«Мобайл Сервис телеком», «Картел» және «Восток телеком» компаниялары «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» бағдарламасы бойынша өңірдің 220 ауылын ғаламторға қосуға тиіс болатын. «AMANAT» партиясы мүшелерінің арнайы комиссиясы бірқатар ауылды аралап, интернетке қосылған ауылдардың саны 100-ге де жетпейтінін анықтады.

Өз кезегінде ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының м.а. Гүлназ Ахметова жыл соңына дейін Зайсан ауданының 8 елді мекені мен Тарбағатай ауданының 6 ауылы интернетпен қамтамасыз етілетінін айтты.
Бұдан соң партиялықтар шамамен 40 жылдан бері жөндеу көрмеген Зайсан ауданындағы «Үйдене» және Тарбағатай ауданындағы «Қандысу» бөгеттеріне күрделі жөндеу жүргізу мәселесін талқылады.
Айта кетейік, гидротехникалық құрылыстарды, магистральдық арналарды жөндеу және суару жүйелерін қайта жаңарту мәселесі «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты.
https://turkystan.kz/article/224467-shko-da-internetke-kosylgan-auyldardyn-sany-100-ge-de-zhetpeydi/