Астанада биыл 5 студенттік жатақхана қолданысқа беріледі
Астанада биыл 5 студенттік жатақхана қолданысқа беріледі
Астанада студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе ашылды. Фронт-офистің негізгі міндеті – жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сол сияқты ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету. Жобалық кеңсенің ашылуында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі.
Биыл «Қаржы орталығы» АҚ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген жаңа тетік бойынша субсидиялауға және басқа да мәселелерде көмек көрсетеді. Бұл тетік әрбір төсек-орын үшін жаңа жатақханалар салу кезінде субсидияларды көздейді. Инвесторлар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана әкімдігі, «Қаржы орталығы» АҚ және бірқатар ЖОО арасында студенттік жатақханалар салу бойынша ары қарай да жемісті ынтымақтастық орнату туралы меморандумдар жасалды. https://turkystan.kz/article/224473-astanada-biyl-5-studenttik-zhatakhana-koldanyska-beriledi/