Аманаттықтар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды
Аманаттықтар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні «AMANAT» партиясының мүшелері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Еске алу рәсіміне қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шараға партия хатшылары, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.


Тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. Оның жұмысына «AMANAT» партиясының мүшелері де белсенді қатысады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніелімізде 1997 жылдан бері аталып өтіледі.


https://turkystan.kz/article/224623-amanattyktar-sayasi-kugyn-surgin-men-asharshylyk-kurbandaryn-eske-aldy/