
Саудакентте қазақ күресінен Республикалық турнир басталды
Бүгін Саудакент ауылындағы спорт кешенінде самбо күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Сарқытбеков Молтан атындағы қазақ күресінен Республикалық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков арнайы қатысып құттықтау сөз сөйледі. Молтан Сарқытбековтың спорт саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіне, турнирдің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, спорт саласының ардагері Төленбек Әсембеков, Молтан Сарқытбековтың сыныптас досы Әділ Бөпежановтар да жарысқа қатысушыларды құттықтады.
Қазақ күресінен 2008-2009 жылы туылған 250 жасөспірім бақ сынауда.
Турнирге Абай, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, Алматы, Шымкент, Тараз қаласынан және Сарысу ауданынан командалар қатысып жатыр.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024