
БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН…
1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін…» акциясы аясында Орталық саябақтың жазғы маусымға ашылуы өткізілді.
Аудан әкімінің м.у.а. Жабағы Асхат Базарбайұлы жиылған ауыл тұрғындары мен қонақтарын 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, саябақтағы іс-шаралар жұмысы 3 ай жалғасын табатындығын жеткізді.
Саябақ алаңында «Менің арманым» сурет байқауы, «Үйірменің үйретері мол» балалар шығармашылығын дамыту алаңы, «Таңғажайып әлем» сурет көрмесі, «Кітап әлемінде» табиғат аясындағы оқу залы, «Спорт әлемінде» алаңы, «Ән салайық, достар!» караоке әндер алаңы тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылған.
Мерекелік концерттік бағдарламада аудан орталығындағы балабақшалардың тәрбиеленушілері ән айтып, би биледі және тақырыптық қойылымдар қойды. Өнерпаз бүлдіршіндер өнерлерімен жиылған жұртты тәнті етті.
Аудан әкімінің м.у.а. Жабағы Асхат Базарбайұлының Алғыс хатымен балабақша жетекшілері мен басшылары марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Жуалы ауданы



Келесі мақала
🇰🇿Жамбыл ауданында патриоттық автошеру акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024