Жаңалықтар

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды – «AMANAT» фракциясы

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды – «AMANAT» фракциясы

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейін бағдарламасын» жүзеге асырудың тиімділігі талқыланды.

Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдығының бірі – азаматтардың әл-ауқаты мен табысын арттыру. Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын депутаттар алдында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

Ал депутат Юлия Кучинская болса, мемлекеттік органдар сүйенетін статистикалық ақпараттың нақтылығына, сондай-ақ декларацияланған жұмыссыздық деңгейі дерегінің анық-қанығына күмән келтірді.

Халық қалаулысы Ерлан Саиров болса, отандастарымыздың мемлекетке деген сенім деңгейі статистикалық деректердің дұрыстығымен өлшенеді деген пікірде.

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды – «AMANAT» фракциясы

Өз кезегінде депутат Ринат Зайытов та өзекті мәселе қозғады. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттыруға арналған пәрменді құрал болғанымен, адамдар жеңілдікпен берілетін несиені алу кезінде бірқатар қиындыққа тап болады.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиев Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2 миллионнан асатынын атап өтті. Оның 65 пайызға жуығы 100 мың теңгеге дейінгі жалақыға жұмыс істейтін тұрмысы төмен азаматтар қатарына жатады.

Ол биыл наурыз айында қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасының» жаңа редакциясы мониторинг және талдау жүргізілмей бекітілгенін алға тартты. Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды – «AMANAT» фракциясы

Өз кезегінде депутат Екатерина Смышляева бағдарламадағы көрсеткіштердің тұтас тізбесін өзгерту қажет екеніне назар аударды. Атап айтқанда, «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында кедейлік шегін медиандық табыспен анықтау керек деп көрсетілген. Алайда, қазір көрсеткіштер әлі де ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланып тұр. Бұл кедейлер санының нақты көрсеткішін айтарлықтай төмендетеді.

Фракция жиынының қорытындысында Елнұр Бейсенбаев партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының 205 тармағының 100-і халықтың кірісін арттыруға бағытталғанын баса айтты.

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды – «AMANAT» фракциясы

https://turkystan.kz/article/224880-kazakstandyktar-tabysynyn-ten-zhartysyn-azyk-tulikke-zhumsaydy-amanat-fraktsiya/