Жаңалықтар

«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

2 маусы күні елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан патриоттарының республикалық форумы өтті деп хабарлады turkystan.kz.«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

Халқымызды елдікке бастайтын айтулы форум аясында мәртебелі мемлекетімізді әлемге танытып, қоғамға ерлік істерімен отансүйгіштікті дәріптеп жүрген белгілі қазақстандықтар, белсенді жастар мен танымал тұлғалар «Жыл патриоты» марапатына ие болды. «Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды Дәстүрге айналған тағылымды іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды.

Биыл еңбегімен ерекше көзге түскен 12 адам 12 түрлі номинацияда марапатталды. «Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды «Мәдениет және спорт» номинациясында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және әлемге танымал пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich) «Жыл патриоты» атанды. Сондай-ақ отандық ғалымдар, оқытушылар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, донорлар, IT және ауыл шаруашылығы саласының мамандары осындай абыройлы марапатқа ие болды. «Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

https://turkystan.kz/article/224908-zhyl-patrioty-nominatsiyasynyn-zhenimpazdary-marapattaldy-2/