Жаңалықтар

Қазақстандық әуекомпания аутизмі бар баланы ұшаққа отырғызбады

Қазақстандық әуекомпания аутизмі бар баланы ұшаққа отырғызбады

SCAT әуе компаниясының қызметкері аутизммен ауыратын баласы бар отбасын ұшақ бортына жібермей қойған деп хабарлады turkystan.kz.

Отбасының шағымы Instagram-дағы «Мой ребенок» қоғамдық бірлестігінің парақшасында жарияланды. Оқиға 27 мамырда болған.

Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін қатысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

SCAT әуе компаниясының өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, жолаушылардан кешірім сұрағанын жеткізді.

https://turkystan.kz/article/224928-kazakstandyk-euekompaniya-autizmi-bar-balany-ushakka-otyrgyzbady/