
РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Тұғырлы мереке – Рәміздер күніне орай аудан орталығында арнайы велошеру өтті.
Мемлекеттігіміздің айшығы саналатын рәміздерге деген құрмет отансүйгіштік пен егеменді елдің ертеңіне деген сенімнен туындайтын ерекше сезім екені анық. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен іске асқан шара қордайлықтардың ерекше ықыласына бөленді.
Қордайдағы М.Х. Дулати атындағы орта мектеп жанынан басталған шеруді еліміздің көк туын желбіреткен жігіттер велосипедпен бастап жүрді. Жібек жолы көшесімен ұрандатып өткен велошеру қатысушылары аудандық Мәдениет үйі алдына келіп тоқтады.
Онда шеруге қатысушылар оң қолдарын кеудесіне қойып, Әнұранымызды қосыла шырқады.
Келесі мақала
ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҚТАҒЫ МЕРЕКЕ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024