
Ақын Қойшығұл Жылқышиев өмірден озды
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев 74 жасында дүниеден өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жайсыз хабарды ақын Әлия Даулетбаева Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
«Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті! Бетімізден қақпадыңыз, еркелігімізді көтердіңіз, қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой… Алла алдыңыздан жарылқасын, аға!», – деп жазды ол.Айта кетейік, Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеді. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының және Республикалық «Махамбет» қорының президенті болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. «Тұңғыш», «Мұң-кітап», «Асаукер» жыр жинақтарының авторы. 1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды. Сондай-ақ Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. https://turkystan.kz/article/225095-akyn-koyshygul-zhylkyshiev-omirden-ozdy/
Келесі мақала
Ауылдарда ажырасу дерегі 37 пайызға өскен
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024