Петропавлды Ресейге қосуды сұраған әйелге сот үкімі шықты
Петропавлды Ресейге қосуды сұраған әйелге сот үкімі шықты
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша С.- ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Прокурор С.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеуді тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындады. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Нәтижесінде Петропавл қалалық соты С.-ның жұбайы 1-топтағы мүгедек екендігін және оның жас баласының болуын ескеріп, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. https://turkystan.kz/article/225100-petropavldy-reseyge-kosudy-suragan-eyelge-sot-ukimi-shykty/