Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Сарысу ауданында шаруаларға жаңа техникалар берілді

Сарысу ауданында шаруаларға жаңа техникалар берілді
ашық дереккөз
Сарысу ауданында шаруаларға жаңа техникалар берілді
Жамбыл облысы Сарысу ауданында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативіне 3 трактор, 7 қосалқы техника алынды. Аталған жобаның 2 кезеңі Жайылма ауылдық округінде іске асырылуда. Округте 573 аула, 3814 адам бар. Жоба аясында жалпы соммасы 925,0 миллион теңгеге 514 ауланы қамту көзделген. Қазіргі таңда «Nurtileu» ауыл шаруашылығы кооперативіне 3 трактор және 7 қосалқы техникалар жеткізілді. Алдағы уақытта шаруашылыққа 1 дана комбайн және 9 қосалқы техника жеткізілетін болады. Сарысу ауданында кооперативті жабдықтауға 20 дана ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарланған. Олардың ішінде 3 дана трактор, 1 дана прицепті комбайн және 16 қосалқы құрылғы бар. Еске сала кетейік, ауылды жердің шаруашылығын дамыту мақсатында әзірленген «Ауыл аманаты» жобасы 5 бағыт бойынша іске асырылуда. І бағыт Үй іргесінде егістік жерлерді игеру, ІІ бағыт. Ауладағы мал шаруашылығын дамыту, ІІІ бағыт. Ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру, ІV бағыт. Құрылған кооперативті жабдықтау, V бағыт. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін халыққа 2,5 пайызбен несие беріліп жатыр.  

Жамбыл облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар