Жаңалықтар

Әскерге шақырылғандарды министрлік аңдып жүр ме?

Әскерге шақырылғандарды министрлік аңдып жүр ме?

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскер жасындағыларға рейд жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жазбаларға сүйенсек, жастарды әскери комиссариаттарға күштеп апарып, кейін санаулы күндердің ішінде Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтеді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай жағдайдың бірін Instagram-да Астана тұрғыны Елена Смолина жариялаған. Оның айтуынша, мамырдың ортасында оның көзінше бірнеше жігітті елордадағы ойын-сауық мекемесінен тікелей военкоматқа алып кеткен.

Осыған ұқсас жағдайды блогер Әлішер Елікбаев Telegram-арнасында жазды.

Ал кей азаматтарға әскери есепке қою мәселесі бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға келу талабы бар СМС-хабарламалар келеді. Белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов мұндай шақыртулар «заңсыз және шындыққа жанаспайды» деп санайды. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.

Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне мән-жайды анықтауды сұрап сауал жолдады. Ведомство рейдтер мен жастардың әскери комиссариаттарға жеткізілгені туралы сипатталған ақпаратты жоққа шығарған жоқ, алайда материалды жазу кезінде олар жағдайға қатысты пікір бермеді. https://turkystan.kz/article/225162-eskerge-shakyrylgandardy-ministrlik-andyp-zhur-me/